t.me/POLICE_of_KZ

Петропавлда үш жасөспірім соққының астында қалды

Петропавлдағы дәмханалардың бірінің маңында алты адамның жасөспірімдерді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама 7 мамыр сағат 00:58-де келіп түскен.

Белгісіз адамдардың жанжал кезінде 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді, - делінген мәліметте.

Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіп жатыр.