Жаңалықтар

Петропавлда украин мәдениетінің фестивалі өтті

Петропавлда украин мәдениетінің фестивалі өтті
29.08.2018 05:16 1775

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарасаңында Петропавл қаласының Достық үйінде украин мәдениетінің фестивалі өтті.

Фестиваль «Живем в семье единой, дружной» атауымен өтті, бұл солтүстікқазақстан жерінде тұратын барлық этностар арасындағы достық қарым-қатынастың айқын үлгісі.

«Украин мәдени орталығы» фестивалді жылда өткізеді, оған облыс аудандары мен Петропавл қаласының шығармашылық ұжымдары қатысады. Жиырма жылдан астам уақыт бойы этномәдени бірлестік өзінің талантты әртістерімен, жарқын фестивальдерімен, концерттік бағдарламаларымен өңірдің мәдени өмірінің сәнін келтіруде.

Осылайша, 26 тамызда Достық үйі шаңырағы астында «Қуанамын», «Импульс», «Дея» би ұжымдары тоғысты. Облыс аудандарынан: «Раздолье», «Мрия», «Полисся», «Смереко», «Хуторянка» этномәдени орталықтары келді. Украи тілінде Надежда Рудикова өзінің отаны – Қазақстанға арналған өлеңдерін оқыды.

«Рада украинцев Казахстана» ЗТҰ Үйлестіру Кеңесінің төрағасы Юрий Тимощенко Фестивальдің ерекше қонағы болды. Ол осындай маңызды шараны өткізуімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі, орталықтың гүлдене беруіне тілектестік білдірді.

Іс-шараның соңында дәстүрлі түрде әртістер мен шығармашылық ұжымдар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға