Жаңалықтар

Петропавлда Тарас Шевченконың 205 жылдығына орай украин мәдениетінің фестивалі өтті

Петропавлда Тарас Шевченконың 205 жылдығына орай украин мәдениетінің фестивалі өтті
11.03.2019 10:36 1921

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында және ұлы украин ақыны және суретші Тарас Шевченконың 205 жылдығына орай Петропавл қаласының Достық үйінде украин мәдениетінің фестивалі өтті.

Іс-шараға тек этномәдени орталықтар ғана емес, облысымыздың шығармашылық ұжымдары, сонымен қатар Қазақстандағы Украина Елшілігінің бірінші хатшысы – Коваль Володимир Михайлович қатысты.

Фестиваль соңында барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Тарас Шевченко қыз-келіншектердің бейнесін жасай отырып, әйелдер тақырыбына көп көңіл бөлді. Бүгін біз оның азап шеккен әйелге, анаға деген махаббаты туралы айтамыз.

Ол үшін әйел тағдыры оның жүрегінің азабына айналды. Бұл – туған анасының тағдыры, Екатерина, Ярина, Мария апа-сіңлілерінің, сонымен қатар, оның алғашқы махаббаты  - Оксана Коваленконың қайғылы тағдыры.

Тарас Григорьевич әйелде, ең алдымен, рухани сұлулықты көрді, адалдық пен шынайылықты паш етті.

Ақын көптеген тамаша өлеңдер мен поэмалар жазды. Шевченко жолдарын оқыған кезде көзіңе еріксіз жас үйіріледі, өйткені бұл өлеңдер олардың өздері туралы, ауыр қайғы-қасіреті мен тағдыры туралы жазылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға