Жаңалықтар

Петропавлда қамыс өртеніп, 4 тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

Петропавлда қамыс өртеніп, 4 тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті
Фото: pkzsk.info 07.05.2023 21:35 1204

Петропавлдың маңында қамыс жанып жатыр. Лапылдаған от көшеге кіріп, 4 тұрғын үй өртенген. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы 5-Сенная көшесіндегі ашық алаңда қураған қамыс жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткендіктен, өртке 4-қауіпсіздік деңгейі берілді.

Оқиға орнынан 40 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Әзірге қамыстың неден тұтанғаны белгісіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға