Петропавлда өрт шыққан үйден 220 адам эвакуацияланды
17.09.2024 21:10
Фото:
ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
Петропавлдық құтқарушылар 220 тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Петропавл қаласындағы Парковая көшесінің бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында үй заттары мен жиһаз өртенді.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен үш адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады.
Өрт толығымен сөндірілді, өрттің себебі анықталуда.
Бір адам ауруханаға жатқызылды.

