Петропавлда қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі ұрпақтар сабақтастығының рөлі талқыланды
Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі ұрпақтар сабақтастығының әлеуеті» тақырыбындағы форумы өтті.
Достық үйінің залында қадірлі және құрметті қонақтар: еңбек ардагерлері, еңбек сіңірген зейнеткерлер, депутаттар, ғылыми интеллигенция өкілдері, атқарушы және өкілетті билік органдарының басшылары және басқалар жиналды.
Құрметті қонақ және негізгі баяндамашы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің IV және V шақырылымының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Анатолий Башмаков арнайы шақырылды.
Ол қазіргі заманғы ақсақал – дана, тәжірибелі, рухани адамның бейнесі туралы кеңінен әңгімелеп берді. Анатолий Афанасьевич біздің қарияларымыз – айналасындағыларды іс-әрекеттерге, ерліктерді жасауға шабыттандыратын «тірі рухани құралдар» екенін атап өтті.
Форум аясында еліміздің дамуына ерекше үлес қосып жүрген көптеген заманауи батырлардың тұлғасын қалыптастыруға көмектескен адамдардың есімдері аталды. Осылайша, спикерлердің әрқайсысы қазіргі заманғы ақсақалдың портретін суреттеді. Барлығы әрқашан да алға келе жатқан, дамып келе жатқан және жетілдіруге ұмтылатын адам болу керек деген бір пікірге келді. Ең бастысы, ақсақал өз тәжірибесімен бөлісуге ниет білдіруі, ал жастар оны бойларына дарытуға ұмтылулары тиіс.