Жаңалықтар

Петропавлда майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынып жатыр

Петропавлда майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынып жатыр
Фото: © ОКҚ 21.06.2023 13:12 1020

Биыл Солтүстік Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен саласында 31 жоба жүзеге асады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз жалпы инвестиция көлемі 77,5 млрд теңгеден асатын 31 жобаны іске асыруды бастадық. Оның ішінде құс фабрикалары, қой фермалары, көкөніс қоймасы, жылыжайлар және суару, - дейді аймақ басшысы.

Олардың ішіндегі ең ірісі-Петропавлда қуатты майлы дақылдарды өңдейтін зауытының құрылысы.

Жобаның құны 23млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын майлы дақылдарды өңдейді және жоғары ақуызды жемшөп қоспаларын - күнжара шығарады. Жобаны іске асыру есебінен облысымызда майлы дақылдарды қайта өңдеу 90% - ға дейін ұлғаяды, - дейді облыс әкімі.

Өндіріс орнында 200жаңа жұмыс орны ашылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға