Петропавлда көпқабатты үйде өрт шығып, 107 адам эвакуацияланды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
18.02.2023 21:09
Фото:
pkzsk.info
Петропавлда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і балалар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өрт ақпанның 18-і күні Петропавл каласындағы Горький көшесі 172 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабарлама сағат 12:37-де түскен.
Өрт сөндіруге 13 негізгі және арнайы өрт сөндіру автокөліктері мен 41 қызметкер жұмылдырылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

