Жаңалықтар

Петропавлда колледж студентін пышақтап кетті

Петропавлда колледж студентін пышақтап кетті
Фото: © Pixabay.com 16.01.2024 06:15 744

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім жанжал барысында пышақ жарақатын алды. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда болған.

Петропавлдағы колледждердің бірінің жатақханасында оқушылар спирттік ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.

Салдарынан 17 жастағы жасөспірім қолынан пышақ жарақатын алған.

Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олардың барлығы бірінші курс оқушылары. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Болашақта осындай фактілер қайталанбас үшін барлық тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген баспасөз хабарламасында. 

Бұған дейін Жетісу облысында депутатты пышақтап кеткенін хабарлағанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға