Петропавл қаласындағы Сәтпаев көшесінде жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 жастағы ер адам BMW 530 автокөлігін басқару кезінде рульге ие бола алмай қалып, алдымен ағаш және бетон плитамен, сонан соң гаражға барып соғылған.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем автокөлік жүргізушісін қалалық ауруханаға жеткізді.
Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - делінген мәліметте.
Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

