Жаңалықтар

Петропавлда еріктілер 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

Петропавлда еріктілер 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті
08.01.2020 18:13 2832

2020 жыл - Еріктілер жылы - мейірімді істер мен қоршаған адамдарға көмек көрсету жылы.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері қазірдің өзінде белсенді жұмысқа кірісіп кетті және 2020 жылға арналған жоспарларды талқылау үшін арнайы бас қосты.

Кездесу барысында «Бірлік» (әлеуметтік), «Білім» (білім беру), «Тәрбие» (спорт) және «Келісім» (медиация) бағыттарының жетекшілері анықталып, осы командалардың алғашқы мүшелері қабылданды. Балалар Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер тізіміне кіру үшін бірден тіркеуден өтті.

Петропавлда еріктілер 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

Алда өте қызықты, оқиғаларға толы жыл. Біздің еріктілерді жарқын іс-шаралар, акциялар, кездесулер, сапарлар және жаңа танысулар күтуде. Бірақ, ең бастысы - олардың өзіндік дамуы, рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, қоршаған адамдарға көмек көрсету, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Әрбір адам біздің тату командамыздың мүшесі бола алады. Ол үшін бізге жазу немесе Достық үйіне келу керек, ал біз барлық мәліметтермен бөлісуге даярмыз.

Маңыздысы сол, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілік қозғалысында енді жеке аккаунт бар @ank.sko_volunteers. Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және хабардар болыңыз! Еріктілер қатарына қосылыңыз!

Петропавлда еріктілер 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға