Петропавлда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі енгізілді
11.05.2023 18:00
Фото:
ТЖД баспасөз қызметі
Петропавлда бүгіннен бастап жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Төтенше жағдай режимін енгізуге Петропавлда 7 мамыр күні тұтанған өрт себеп болды.
Естеріңізге салайық, «Береке» ықшамауданында қамыс жанып, қатты желдің салдарынан арты ауқымды өртке ұласты.

