Жаңалықтар

Петропавлда «Ассамблея аруы - 2019» анықталды

Петропавлда «Ассамблея аруы - 2019» анықталды
11.03.2019 03:07 2312

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ассамблея аруы-2019» дәстүрлі сұлулық байқауын өткізді.

Байқауға барлығы 8 ару қатысты. Ең кіші қатысушы – «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалынан 9 сынып оқушысы Дарья Полукеева. 6 жастан бастап бимен айналысады. Әр түрлі іс-шараларға қатысады, мектеп парламентін басқарады. Дарья өз елінің патриоты және мына пікірді ұстанады: «Қай елде өмір сүрсең, сол елдің салт-дәстүрлерді сақта».

Барлық қатысушылар жақсы мінез-құлықты, әсерлілікті және өзін-өзі көрсете білуді танытты. Бірақ, «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы атынан өнер көрсеткен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 3-курс студенті Диана Попова әсемдігімен, нәзіктігімен, талғампаздығымен алға суырылып шықты.

2018 жылы Диана Польшаның Лодзь қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып, поляк мәдениетінен әсер алды.

Диана ағылшын, поляк, неміс тілдерін оқып, аудармашы болуды армандайды. Оқудан бос уақытында Диана спортзалға барады, теннис, ән айтумен айналысады және кітап оқиды.

Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анваршох Амиршоевтың құттықтау сөзінен кейін арулар облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны үшін және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, көктем мерекесін тойлау аясында «И это всё они!» PR-акциясы өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға