Жаңалықтар

Петропавлда Аналар күні аталып өтті

Петропавлда Аналар күні аталып өтті
23.07.2019 12:25 3601

Петропавлдағы Шухов атындағы кітапханада облыстық Аналар кеңесінің өкілдері бар ең қамқор аналар жиналды.  

Петропавлда Аналар күні аталып өтті

Жылы және достық жағдайда ана болу және балаларды тәрбиелеу мәселелері туралы әңгіме өрбіді. Әңгіме арасындағы үзілістерде түрік дәстүрі бойынша дәмді шай ұсынылып, қонақтар түрік халық биін орындады.

Петропавлда Аналар күні аталып өтті

Мереке құрметіне сыйлық тарту етіліп, «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі қатысушыларға сыйлықтар ұсынды. Шараға қатысушылар бірлестік шеңберінде әйелдер кеңесін құру туралы ортақ пікірге келді.

Петропавлда Аналар күні аталып өтті

Шара аясында қоғам қайраткерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Түркияда Аналар күні 1955 жылдан бері атап өтіледі. Бұл мемлекеттік мереке болғандықтан, барлық үйлерде жалаулар ілінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға