Петропавлда ағаш материалдарын сататын кәсіпорын өртенді
26.01.2025 12:02
Фото:
ТЖМ
Петропавл қаласындағы Ж.Қизатов көшесінде ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында өрт шықты. Тілсіз жау екі жүк көлігі тұрған гаражда тұтанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ қызметкерлері кәсіпорын аумағындағы өртті оқшаулады.
252 шаршы метр алаңдағы өрт оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. .
Кәсіпорындағы материалдардың тез жанатыны да өртті ауыздықтауда қиындық тудырды. Алайда өрт сөндірушілердің шапшаң қимылының арқасында тез сөндірілді.
Тап кешегі күні Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өртенген.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қаспасы жарылып, ангар қабырғалары қираған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

