Жаңалықтар

Петропавлда ағылшын инженер-конструкторы Д.Уорделдың «В Киргизских степях» кітабының аудармасының тұсаукесері өтті

Петропавлда ағылшын инженер-конструкторы Д.Уорделдың «В Киргизских степях» кітабының аудармасының тұсаукесері өтті
29.08.2018 05:50 1521

Петропавл қаласындағы Достық үйінде Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мәдина Анафинова ағылшын инженер-конструкторы Джон Уорделдің «In the Kirgiz Steppes» («В Киргизских степях») кітабы аудармасының тұсукесерін өткізді.

 Бұл кітапта автор XIX ғасырдың басында тарихи күрделі уақытта өмір сүрген батыстың саяхатшыларын қызықтырған Қазақстанның күнделікті тарихындағы аспектілер туралы мазмұндаған.

 Мәдина Латыпқызының аудармасы автордың Қазақстанды қабылдауын қаз-қалпында сақтап қалған және сол жылдардың атмосферасын тура жеткізе білген.

 Кездесуге мұражай және кітапхана қызметкерлері, мемлекеттік билік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға