Жаңалықтар

Перизат Қайратқа тағы 200 млн теңгені жымқырды деген айып тағылды

Перизат Қайратқа тағы  200 млн теңгені жымқырды деген айып тағылды
Фото: Іnstagram/01pk 16.11.2024 09:33 579

Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды. Осылайша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.
 
2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды.
 
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды.
 
Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда.

Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға