Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
30.06.2025 19:29
Фото:
instagram.com/01pk
Ақша жымқырды деген күдікке ілінген қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бас прокуратура мәліметінше, қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарайтын болады
Бас прокуратура П.Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады,-делінген Бас прокуратура мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

