Жаңалықтар

Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? ҚМА жауап берді

Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? ҚМА жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден 29.11.2024 09:57 146

Ақша жымқырды деген күдікке ілінген қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Бұл сұраққа Қаржы мониторингі агенттігі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.                     

Бұған дейін БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде су тасқыны кезінде жиналған қаражатты жымқыру ісіне миллиондаған оқырманы бар блогерлердің де қатысы бар болуы мүмкін деген сыбыс шыққан еді. 

ҚМА-ның ресми жауабында еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша соталды тергеу жалғасып жатқаны айтылды.

Қаржы мониторингі органдарының өндірісінде блогерлер немесе су тасқыны кезінде қаражат жинаған басқа ұйымдастырушыларға қатысты соталды тергеулер жоқ, - деді агенттік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға