Пенсильванияда атыстан бір адам көз жұмды
09.10.2023 06:12
Фото:
Global Look Press/Keystone Press Agency/Kyle Mazza
Пенсильвания штатындағы Индиана округінің Уайт Тауншип қаласында атыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тапты, тағы сегізі жарақат алды. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға қаланың қоғамдық орталықтарының біріндегі кеште болғаны атап өтілді.
Телеарна мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған, олардың біреуі ауыр жағдайда.
Бұған дейін АҚШ-тың Массачусетс штатында атыс кезінде бірнеше адам зардап шеккен.

