Аты аңызға айналған Пеленің есімі португал тілінің бразилиялық сөздігіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Пеле енді үздік сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Яғни «ол теннис әлемінің Пелесі», «баскетбол Пелесі» секілді тіркестерде қолданыла береді.
Пеле 2022 жылғы желтоқсанда өмірден өтті. Аты аңызға айналған футболшының жасы 82-де болатын.
Пеле – үш әлем чемпионатында топ жарған жалғыз футболшы (1958, 1962, 1970). Бразилия құрамасы сапында ол 92 матч өткізіп, 77 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Ал ұзақ өнер көрсеткен клубы – «Сантос».
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

