Жаңалықтар

Педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз - Оқу-ағарту министрлігі

Педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз - Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 05.12.2024 14:16 20234

Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы әлеуметтік желіде таралып жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қатысты жалған ақпарат туралы ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Міндетті біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы жалған ақпараттардың таралуының алдын алу мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет үш жылда бір рет мұғалімдерді тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткізіп келе жатқаны естеріңізге саламыз. Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Бұл орайда тақырып пәндерді оқытудың нақты әдістеріне қатысты болады, - деді Мереке Амангелдіқызы.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде ақылы курстар туралы күмәнді ақпараттар таралуда, курстардың ақылы болуы ведомствоның біліктілікті арттыру курстарының жоспарында қарастырылмаған.

Сондықтан педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз. Мұндай күмәнді курстар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгінуді немесе Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы немесе департаменттердің байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ ол бойынша толығырақ ақпаратты «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның сайтынан және де басқарма төрағасынан Айдана Шилибекова білуге болады, - деп жазды министрлік өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға