Жаңалықтар

Педагогтерге арналған тегін байқау сынақтарының базасы жаңарды

Педагогтерге арналған тегін байқау сынақтарының базасы жаңарды
Фото: El.kz 30.03.2023 14:55 5334

Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Байқау сынағы Педагогтердің білімін бағалауға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Ұстаздарға ҰТО сайтында https://prob teacher.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тек ЖСН теріп, тест түрін таңдап, байқау сынағына кірісу керек.

Педагогтерге арналған ПББ-ның жаңа форматына сәйкес тестілеу екі блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Пәндік білім» – 30 тапсырма, екінші блок «Оқыту әдістемесі» – 20 тапсырма. Осыған байланысты біз байқау сынақтарының базасын жаңарттық. Байқау сынақтарының көмегімен педагогтер өздерінің дайындығын жақсартып, тестілеудің жаңа форматымен таныса алады, – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар ПББ-ға дайындалу мақсатында ұстаздар ҰТО сайтының «Педагогтерге» бөлімінде тест тапсырмаларының спецификациясымен таныса алады. Сондай-ақ, сайтта тестілеудің сұрақтары ұсынылған әдебиеттердің тізімі жарияланды.

Осылайша, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен педагогтердің ПББ-ға сапалы дайындығы үшін көптеген шара қабылданып жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылғы 27 наурызда 3-22 сәуір аралығында өтетін ПББ-ға өтініштер қабылдау басталды. Тестілеуге тіркелу ҰТО-ның https://app.testcenter.kz/ сайтында онлайн жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға