Жаңалықтар

Кейбір студенттер 200 мың теңге жалақы алады - вице-премьер

7-сынып оқушылары педагог-кәсіптік бағдар беруші мамандықтарын оқиды
Кейбір студенттер 200 мың теңге жалақы алады - вице-премьер
19.08.2022 16:11 2239

Биыл 1-сыныптан бастап мектепке «Еңбекке баулу» пәні қайтадан енгізілді. Сондай-ақ алғаш рет 7-сынып оқушылары болашақ мамандықты таңдауға бағыттылған педагог-кәсіптік бағдар беруші мамандықтарын оқиды, деп хабарлайды El.kz.

Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов педагогтердің респубикалық тамыз конференциясында айтты.

«Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынуда. Бүгіннің өзінде 7%-ға жуық мектептерде бұл тәжірибе бар. Білім ұйымдары осындай тәжірибені таратуда балаларды мектеп қабырғасында еңбекке баулудың басқа да формаларын дамытуды қолға алуы тиіс. Мұндай жобаларды, жүйені енгізген мектеп басшыларына мен ерекше рахметімді айтқым келеді», – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар еліміздегі 100 колледжде студенттердің тәжірибе жинақтауы үшін шағын кәсіпорындарды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 500-ге жуық кәсіпорындармен келісімшарт жасалса, 536 колледжге дуалды оқу форматы енгізілген. Бұл балалардың еңбекқор болуына, нарыққа қажетті мамандықтарға бейімделуі үшін жасалып жатқан кешенді жұмыс.

«Павлодарға облысында барған сапарымды дуалдық қарым-қатынастың нақты қалай жүзеге асырылып жатқанын өз көзіммен көрдім. Сол жерде оқып жатқан балалар ірі компаниялармен келісе отырып, олардың берген тапсырысы бойынша жұмыс істеп жатыр. Студенттер оқу оқып жүріп, стипендиямен қатар 200 000 – 1 000 000 теңге арасында жалақы алады», – деді Ералы Тоғжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға