Жаңалықтар

«Педагогтeр тасқын су келгенде мектепті қорғап қалды». Министр мұғалімдерге алғыс білдірді

«Педагогтeр тасқын су келгенде мектепті қорғап қалды». Министр мұғалімдерге алғыс білдірді
Фото: gov.kz 30.04.2024 17:30 683

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан педагогтерге алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялық пунктерде балалар мен тұрғындарға психологиялық көмек көрсеткен 400 ден астам мектеп психологтарымен, өз міндеттерін атқара жүріп, келген қиындықты елмен бірге еңсеруге қатысқан 29 мыңнан астам педагогтер мен білім саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбектерін ерекше атап өтті.

Маңғыстау облысының педагогтері Атырау облысынан келген отбасыларды өз үйлерінде қабылдап, ұйымшылдықтың ерекше үлгісін көрсетті. Ақмола облысындағы әріптестеріміз арнайы мектеп интернатының тәрбиеленушілерін өз үйлеріне орналастырып, қамқорлыққа алды. Әсіресе, Қостанай облысы, Алтынсарин ауылында орналасқан мектеп ұжымы елді мекенге қарғын су кірген шақта ең алдымен мектепті қорғап қалды.  Педагогтеріміздің бұл қаракеті – үлкен ерлік пен шынайы азаматтықтың белгісі. «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» деген, - деді ол.

Министр еліміздің білім беру жүйесінде өздеріңіздей жауапкершілігі жоғары, білікті мамандардың болғанын мақтан тұтатынын айтты.

Әрі баршаңызға оқу ағарту министрлігі мен жеке өз атымнан ерекше ықыласты ризашылығымды білдіремін!, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға