Жаңалықтар

Педагогикалық білім беру мазмұнын нығайту бойынша қорытынды семинар өтті

Педагогикалық білім беру мазмұнын нығайту бойынша қорытынды семинар өтті
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 16.05.2024 05:26 667

«Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» атты ауқымды жобаның қорытынды семинары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Жиынға министр Саясат Нұрбек, Финляндияның Қазақстандағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, Дүниежүзілік банк Жоба бойынша топ жетекшісі Телле Хайликари қатысты. 
 
Жобалар педагогикалық білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға бағытталған. Бұл ретте министр Саясат Нұрбек орындалған жұмыс үшін НАМК қолданбалы ғылымдар университетінің Хяме жобасының директоры Маарет Вискари мен командаға алғыс білдірді. 
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аталған іс-шара аясында білім беру саласындағы өзгерістер жетекшілердің, педагогикалық бағыттағы ЖОО-ның 200 оқытушысы және ауылдық мектептердің 50 директорының біліктілігі арттырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға