Жаңалықтар

ПЕДАГОГ-МЕДИАТОР КӨМЕКТЕСЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ, ТАТУЛАСТЫРАДЫ

«Қарағанды облысының білім беру жүйесіне медиацияны енгізу» пилоттық жобасы аясында әкім Ерлан Қошановтың тапсырмасымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 200 педагог кәсіби медиатор сертификатына ие болды.
ПЕДАГОГ-МЕДИАТОР КӨМЕКТЕСЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ, ТАТУЛАСТЫРАДЫ
14.12.2018 10:44 1731

 

«Қарағанды облысының білім беру жүйесіне медиацияны енгізу» пилоттық жобасы аясында әкім Ерлан Қошановтың тапсырмасымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 200 педагог кәсіби медиатор сертификатына ие болды.

Жиырма сегіз білім беру өкілі жаттықтырушы-медиатор атанды.

Үш кезеңді оқытудан өткен медиаторлар жалпы курстың 50 сағатын меңгеруді көздейтін бағдарламаны өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар арнайы пәндерді меңгеруге осыншама уақыт бөлінді.

Жобаның соңында «Білім берудегі медиация – даусыз ортаны құру жолы» республикалық конференциясымен аяқталды. Оның қатысушылары өңірдегі медиация институтын дамыту және танымал ету, құқықтық сауаттылықты арттыру, медиативтік технологияларды тәжірибеде игеру мәселелерін қарастырды.

Іс-шара облыс әкімдігінің, білім басқармасының және «Согласие» халықаралық медиация және құқық орталығының қатысуымен ұйымдастырылып, конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыстық ҚХА хатшылығының, «Тұран Астана» университетінің және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға