Жаңалықтар

Пайдасыз кеңес: Тез қартайғым келеді десеңіз...

Пайдасыз кеңес: Тез қартайғым келеді десеңіз...
Фото: © Pixabay.com 01.12.2023 17:30 1160

Қартаю – бұл табиғи процесс. Жыл өтіп, жас ұлғайған сайын адам ағзасы жетіліп, кейін  иммундық реакциясы өзгеріп, гуморальдық және жасушалық иммунитеті төмендейді. Сол себепті, адамдар жас көрінуі үшін түрлі әдістерді қолданып жатады.

Бірақ, ғалымдардың зерттеуі бойынша, күтімнен бөлек, қартаюға әсер ететін бірнеше фактор бар екен. Мысалы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұжырымдамасына сүйенсек, адам өмірінің  ұзақтығы мен денсаулығы олардың өмір сүру салтына – 50%, қоршаған орта мен экология  әсеріне  – 20%, тұқымқуалаушылық факторға –20%, медицина саласының қызмет деңгейіне 10% байланысты.

«Сұлулық – әлемді құтқарады» деген бар. Ал, біздің түсінікте сұлулық ол мәңгі жас болумен тең. Алайда, кейбір әдеттерімізбен өзіміз қартаюға қарай қадам жасап жатқанымызды ескере бермейміз. El.kz ақпараттық агенттігі аталған тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізіп көрді.

  1. Иықты тік ұстамаңыз

Егер, ертерек қартайғыңыз келсе, иықты тік ұстамаңыз. Өйткені, иықты тік ұстап, кеуде мен иекті көтеріңкіреп жүру – бет бұлшық еттерінің салбырап, мойынға ерте әжім түсуінің алдын алатын қарапайым ереже. Ал, керісінше иығыңыз бен еңсеңіз салбырап жүрсе, жасыңызға жас қосылатынын естен шығармаңыз.

  1. Суды аз ішіңіз

Адам ағзасыпдағы сұйықтық тепе-теңдігін ұстап тұру процессіне шәй, кофе және газдалған сусындар қатыспайды. Яғни, сіз судан бөлек, қанша сұйықтық қолдансаңыз да, судың орнын алмастыра алмайды. Сондықтан, да күнделікті таңертең аш қарынға екі стакан су ішіп тұруды әдетке айналдырыңыз. Тамақ алдында су ішу өте пайдалы. Керісінше, қартайғыңыз келсе, суды өте аз мөлшерде ішіңіз.

  1. Аз ұйықтаңыз

Ұйқыны қадағалап, уақытылы демалсаңыз сіз үнемі сергек жүресіз. Одан бөлек, денсаулығыңыз да жақсы болады. Дұрыс ұйықтамау, ұйқының қанбауы, сонымен қатар түнгі уақытта ұйықтамау көңіл-күйімізге ғана емес, денсаулығымызға да мол әсерін тигізеді. Түнде коллаген белсенді түрде түзіледі. Ал коллагеннің жетіспеушілігі терінің екі есе тез қартаюына себепкер болады.

  1. Ұзақ уақыт тапжылмай отырыңыз

Қозғалыста болу, физикалық жаттығулардың пайдасы орасан зор. Жасыңыздан үлкен көрінгіңіз келсе, жұмыста күн ұзақ компьютер алдында, ал кешке үйге келгенде теледидар алдында тапжылмай отырыңыз. Өйткені, көп отыру көптеген ауруларға әкеп соқтырады.

  1. Тұз бен қантты көп қолданыңыз

Қант дегенде – ол сіздің шайға қосқан екі шақпағыңыз ғана емес, күнделікті тұтынатын ас мәзіріңіздің барлығында дерлік белгілі мөлшерде қант бар. Дәл сол сияқты тұз да тағамдардың бәрінде кездеседі. Ал, оларды мөлшерден тыс қолдану сізді қартаюға ғана емес, көптеген ауруларға да шалдықтырады.

  1. Артық тамақтаныңыз

Өзіміз тойсақ та, көзіміз қимай, байқаусызда артық жеп қоямыз. Мұндай жаман әдеттен арылу керек. Артық тағамды қорыту үшін ағзаға мол күш түседі. Бұл да өз кезегінде қартаюға бір қадам жақындата түспек. Сондықтан, ерте қартайғыңыз келсе, артық тамақтаныңыз. Ерте қартаюдан бөлек, артық салмақ проблемасына тап боласыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға