Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды
18.12.2023 22:30
Фото:
Видеодан кадр
Бүгін 101 пультіне Павлодар қ.Ермак к. үш қабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖ орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу келді.
Ауданы 10 ш.м.болатын үй заттары мен жиһаздар отқа оранған.
Пәтерде 2015 жылы туған бала болды. Өрт сөндірушілер автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды. Тексерістен кейін баланы ауруханаға жатқызу қажет емес екендігі анықталды.
Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 21 қызметкер қатысты. Өрт сағат 15:58-де жойылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

