Жаңалықтар

Павлодарлық депутат тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы балаларға чип салуды ұсынды

Павлодарлық депутат тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы балаларға чип салуды ұсынды
Фото: instagram.com/gulzhainadarimova777 08.08.2023 14:30 9759

Павлодарлық депутат Гүлжайна Даримова әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға чип салуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды кешкі уақытта тексеру керек немесе чип қою керек. Өйткені, көп жағдайда түнгі мезгілде олардың қайда екенін білмейміз. Тіпті, мен олардың денесіне чипті тігіп қоюды ұсынар едім, - деп мәлімдеді депутат әлеуметтік желіде. 

Ол бұл балаларды қоғамға қауіпті деп, кейін тіпті оларды түрмеден жазасын өтеп шыққан адамдармен салыстырды.

Менің ойымша, бұл балаларды да есепке қойып, кеш сайын қайда екендіктерін біліп отыру керек. Тексеріс кезінде үйінде болмаса, бірден оларды интернатқа немесе арнайы орталыққа жіберу керек. Жағдайы төмен отбасыдан шыққандар біздің балаларымыз үшін қауіпті. Не үшін олар көшеде емін-еркін жүруі тиіс? Үйінде отырсын. Фильм көрсін. Кітап оқысын. Ата-аналарынан тәрбие алсын, - деді Гүлжайна Даримова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға