Жаңалықтар

Павлодарлықтар мобильдік қосымша арқылы жұмысқа орналаса алады

Жаңа мобильдік қосымша
26.07.2016 06:20 3245

Павлодарда жұмысқа тұруға арналған мобильдік қосымшаны іске қосу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен өткен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінде осы және тағы алты жоба мақұлданды. 

Павлодарлықтар мобильдік қосымша арқылы жұмысқа орналаса алады

Жоба әзірлеушілердің идеясы бойынша бұл мобильдік қосымша арқылы павлодарлық нарықтағы барлық бос жұмыс орындары мен қызмет көрсету туралы ұсыныстарды бір дерекқорға жинауға болады. Оған қоса, бұл бағдарлама пайдаланушыға қажетті жұмыс орнының пайда болуы немесе қажетті маман туралы хабарлама жіберетін болады.

– Мысалға, электрикті жұмысқа алу жөнінде хабарландыру пайда болысымен осы жұмысқа қызығушылық танытқан пайдаланушыға push-хабарлама келетін болады, – дейді жоба авторы Әнуар Жұмаділов. – Дизайнерге немесе басқа сала маманына өз хабарламасы келеді, яғни, бұл жерде мақсатты бағыттылық болады.

IT- мамандар аталмыш қосымшаны «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында өтеусіз грант алған соң іске қосуды жоспарлап отыр. Грантқа қол жеткізуге 89 кәсіпкер үміттенген болатын. Конкурстық комиссия Павлодар облысына 20 миллион теңге бөлінгенін есепке ала отыра, сегіз жобаны таңдап алды. Олардың ішінде ащытқысыз нан пісіру, киізден киім жасап шығару, жарықдиодты шамдалдар өндірісі және басқа да жобалар бар. Олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден алатын болады. Аймақ басшысы жобаларды кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесіне бекітуге бермес бұрын бұл жобалардың жұмыс істейтініне көз жеткізу қажет екенін атап айтты.

– Грант алуға ұсынылған жобаларды тексеру керек. Орындардағы басшылар бұл жобалардың бұдан былай жұмыс істейтініне кепілдік берулері тиіс. Жобаны не күтіп тұрғанын анық білулері және ол жобалық қуатқа шыққанға дейін жобаны сүйемелдеулері қажет.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға