Жаңалықтар

Павлодарлық ақын Арман Қани дүниеден өтті

Ұзаққа созылған ауыр науқас қайсар рухты ағамызды ақыры жеңген екен…
Павлодарлық ақын Арман Қани дүниеден өтті
Фото: ашық дереккөзден 02.09.2022 08:34 1470

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Арман Қани дүниеден өтті, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облысы филиалының басшысы Жарқынбек Амантайұлы хабарлады.

Бүгін бейсенбіден жұмаға қараған түні күрескер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Арман Қани ағамыз дүниеден өтті деген суыт хабар келіп жетті. Ұзаққа созылған ауыр науқас қайсар рухты ағамызды ақыры жеңген екен… - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Арман Қани (2013 жылға дейін Қаниев) 1954 жылдың   22 ақпанында  Павлодар қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

Қазақстан жас ақындарының «Қарлығаш» ұжымдық жыр жинағына аққынның 31 өлеңі енген (Алматы, «Жалын» – 1984 ж.). «Ар алдында» (Павлодар, «ЭКО» – 2001 ж.), «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ», «Тамшылар» (Павлодар, «ЭКО» – 2004 ж.) «Шындықпен бетпе-бет» (Алматы, «Қазақпарат» – 2006 ж.), «Жұлдызды  тұман» (Павлодар, «Кереку» – 2008), «Сен және мен» (Астана, «Фолиант» – 2012), «Үйлесім» (Павлодар, «Brand print» – 2014), «Баянауыл жырлары» (Павлодар, «Парасат» – 2014), «Қарашығымдағы бейнелер»    (Павлодар, «ЭКО» – 2019 ж), «Кереку жырлары» (Павлодар, «ЭКО» – 2020 ж), «Туған жер төсінде», «Замандастар» (Павлодар, «ЭКО» – 2021 ж) жинақтары жарық көрген.

«Құрмет» ордені (2021 ж.),  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2013 ж), «Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы» (2016 ж), «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» (2012 ж), «Павлодар қаласының құрметті азаматы» (2015 ж), «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» (2013 ж), «Май ауданының құрметті азаматы» (2020 ж) атақтарымен марапатталған. Қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі үшін  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж), «Павлодар облысына 75 жыл» (2012 ж), «Қазақ хандығына   550 жыл» (2015 ж), «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» (2016 ж), «Невада-Семей» қозғалысына 25 жыл» (2014 ж) мерекелік медальдары және Ресей Лермонтов комитетінің Қайсын Құлиев медалы (2019 ж) берілген. Сондай-ақ «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен (2015 ж), «Тарихи әділеттік» қоғамдық комитеттің,  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға