Жаңалықтар

Павлодарлық оқушы Гонконгта өткен олимпиадада топ жарды

Білім
15.07.2016 08:24 3166

Павлодарлық «Жас дарын» мектебінің 9-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир Гонконгте өткен халықаралық ІМО олимпиадасында математика пәнінен бірінші орын иеленді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Павлодарлық оқушы Гонконгта өткен олимпиадада топ жарды

«Жас дарын» мектеп директорының орынбасары Бәтима Әбдіжүсіпованың айтуынша, алғашында, кейбір мамандар Амирдың Қытайға баруына қарсы болған.

– Себебі Гонконктегі олимпиаданың бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына арналған. Дегенмен, 9-сыныпта оқып жүрсе де, шәкіртіміз білімін дәлелдеп, әлемдік жарыста топ жарды. Ол 28-маусым мен 8-шілде аралығында Алматы қаласында арнайы дайындықтан өтті. Біздің мектепке 5-сыныптан бері оқиды, – деді Бәтима Әбдіжүсіпова. Қытайдың Гонконг қаласындағы ІМО халықаралық олимпиадасы шілденің 10-15 аралығында өтті. Қазақстанның намысын қорғап жарысқа алты оқушы аттанып, бір алтын, бір күміс, үш қола медальге қол жеткізді.

– Америка, Франция, Қытай, Ресей және тағы да басқа алпауыт мемлекеттердің арасынан үздік шығып, еліміздің абыройын асырды. Жалпы, Амирмен 7-сыныптан бері жұмыс жасаймын. Өте дарынды оқушы, – деп атап өтті Мохаммед-Али Амирдың мұғалімі Арыстан Текенов.  

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға