Жаңалықтар

Павлодардың өрт сөндірушілері бес қабатты өртте 6 тұрғынды эвакуациялады

Павлодардың өрт сөндірушілері бес қабатты өртте 6 тұрғынды эвакуациялады
Фото: gov.kz 27.11.2023 23:43 616

27 қараша күні сағат 10.16-да Ленинский кентінің Ғарышкерлер көшесінде 2 қабатты терезеден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт орнына келгенде, 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде диван, үй заттары жанып жатқаны анықталды, өрт  ауданы 15 шаршы метр.

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері баспалдақпен 3 ересек пен 3 баланы (2018, 2020, 2022 ж.т.) эвакуациялады.

Өртті жоюға жеке құрамның 10 адамы және 3 техника жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланды.

Өрт орнында Апаттар медицинасы орталығының 4 қызметкері  зардап шеккен үш адамға, оның ішінде екі балаға көмек көрсетті.

Шұғыл қабылданған шаралар арқасында өрт сағат 10.48-жойылды. Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі өртті абайсызда болды деп болжамдайды.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды еске саламыз:

- ешбір жағдайда төсекте, сондай-ақ жанғыш заттар мен материалдардың жанында темекі шекпеңіз, қонақтарыңыздан да солай талап етіңіз;

- күл салғышта сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді қалдырмаңыз, оларды қоқыс жәшіктеріне және жанғыш материалдардың тұтануы мүмкін жерлерге тастамаңыз.

Есіңізде болсын, от жауапсыздықты пен немқұрайлылықты кешірмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға