Павлодардан Астанаға әуе рейстері қайта ашылады
27.10.2024 12:18
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Павлодардан Астанаға әуе рейстері 29 қазаннан бастап қайта жанданады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанаға тұрақты рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбіге жоспарланған, - делінген Павлодар әуежайының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Астанадан шығу уақыты – 09:25, Павлодардан елордаға шығу уақыты – 11:25. Билеттер құны – 15 мың теңге.
Бұл бағытта әуе рейстері жыл басында тоқтатылған еді.

