Павлодардағы моншалардың бірінде ер адамды өлгенше сабаған
03.04.2025 14:26
Фото:
©El.kz
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға моншалардың бірінде болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Екі күдікті ізін суытпай ұсталған.
Жедел жәрдем станциясында шақырту Астана көшесіндегі моншадан түскенін хабарлады. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде 52 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодардағы моншалардың бірінде болған төбелестің видеосы тараған. Кадрларда бірнеше ер адамның демалыс бөлмесінде екі келушіні соққыға жыққаны көрінеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

