Жаңалықтар

Павлодардағы кеуіп бара жатқан қызғылт көлді комиссия тексереді

Павлодардағы кеуіп бара жатқан қызғылт көлді комиссия тексереді
Фото: instagram.com/news_pvl 17.07.2023 11:38 1211

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы Коряковка көлінің жай-күйі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Коряковка көлін құрғатып, түбіндегі тұзды қапқа салып әкетіп жатқаны туралы видео таралған еді.

Қазір Экология комитеті, Павлодар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, экологтар және қоғам белсенділерінің қатысуымен комиссия құрылып жатыр. Олар Коряковка көліне тексеру жүргізеді. Бұл - Қазақстандағы екінші қызғылт түсті сирек көл. Комиссия жұмысының нәтижесі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында және БАҚ-та жарияланады, - деп жазды министр өзінің Instagram желісінде.

Министр комиссия барлық ұйымдастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 18 шілдеде сол аймаққа баратынын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, желіде Павлодар маңында орналасқан кептірілген қызғылт Коряковка көлін біреу кептіріп, сол жерден тұз сатады деген ақпарат тарады. Содан кейін Экология министрлігі тұзды заңсыз өндіру фактісі расталғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға