© pavlodarnews.kz

Павлодардағы 52 млн теңге жұмсалған мұз қалашығы қалпына келтіріле ме

28.12.2023 14:05

Павлодардағы еріп кеткен мұз қалашығы қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Гизат Смайылов күннің күрт жылынуынан бір-екі элементтің мұзы ерігенін айтып отыр.

Мердігермен бірге тағы мұз жинап қойдық. Ауа температурасы -5-10 градусқа дейін түскенде бәрі орнына келтіріледі, - дейді ол.

Мұз қалашығы аумағында қатты соққан жел шыршаны құлатқан еді. Жаңа жылдың бас символы қазір орнына қойылған. Бірте-бірте басқа да қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Айта кетейік, барлық жұмысқа 52 миллион теңге бөлінген еді. Қаражаттың барлығы игерілген. Элементтердің бір бөлігі ғана (сырғанақ табандары мен лабиринт) мұздан жасалған.