Жаңалықтар

Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

2004 жылы дүниеге келген ер бала танысымен суға шомылуға кетіп, содан оралмаған.
Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
29.06.2022 08:11 1337
25 маусым күні танысымен бірге орталық жағажайға суға шомылуға барып, із-түзсіз жоғалып кеткен баланың үш күннен соң мәйіті табылды, деп хабарлайды EL.KZ.

2004 жылы дүниеге келген ер бала танысымен суға шомылуға кетіп, содан оралмаған.

18 жастағы жас жігіт үш күн іздестірілді.

Еріктілердің айтуынша, танысы жағалауда досын бір сағат күтіп, ол судан шыға қоймаған соң, бірге келген адамның жоғалып кеткені туралы ешкімге айтпастан, үйіне кетіп қалған.

– Ал жас жігіттің заттары мен киімі жағалауда қалған. Бізге жақындары іздеуге көмек сұрап сол күні түнгі сағат 24:00-ден кете хабарласты, - дейді «Vita» іздестіру жасағының еріктілері.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға