Павлодарда жұрттың көзінше ер адамның мойнын кесіп тастады
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
17.06.2024 10:18
2190
Павлодарда көпқабатты үйдің алдында кісі өлімі орын алды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
16 маусымда Мүткенов көшесінің бойында жұрттың көзінше ер адам басқа адамның мойнын пышақпен кесіп, өлтірді. Куәгерлер сұмдық оқиғаны видеоға түсіріп алған.
Осыдан кейін пышақ ұстаған адам оқиға орнынан бой тасаламай, жанында тұрған орындыққа барып отырады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті ұсталып, Павлодар қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, – делінген полиция хабарламасында
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында азық-түлік тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті