Жаңалықтар

Павлодарда жомарт адам ауызашарға жеті миллион теңге бөлді

Павлодарда жомарт адам ауызашарға жеті миллион теңге бөлді
Фото: pavlodarnews.kz 04.04.2023 18:55 1023

Бұл туралы кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде өңірдің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы  мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бас имамның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бес бағытының бірі – қоғамды әдептілік рухында тәрбиелеу, патриотизм мен мейірімділікке, толеранттылыққа шақыру.

Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар ораза ұстайды. Осы кезеңде жұмақтың қақпасы ашылып, тозақтың қақпасы жабылатыны туралы айтамыз. Алла Тағала тілектеріміз бен жақсы амалдарымызды қабылдайды. Кейбір адамдар ауызашар береді. Осындай жомарт азаматтардың бірі жыл сайын өз қаражатының үлкен сомасын бөледі. Бұл жолы жеті миллион теңге бөлді.  Күн сайын мешітте күн батқаннан кейін кешкі асқа 160-190 адам жиналады, – дейді Жолдас қажы Қоспақұлы.   

Бас имам ауызашар уақытында мешіттің есігі барлық адамдар үшін ашық екенін атап өтті. 

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Рамазан айында мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ниет білдірген барлық бизнес өкілдеріне үндеу тастайды. Егер де аз қамтылған азаматтарды қолдауға мүмкіндігі мен ниеті бар азаматтар «Атамекен» Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мүбарак Қажымұратұлы Жақыповқа 8 (777) 317 9999 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға