Баянауыл ауданында көліктер соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 тамызда сағат 15:11-де жедел жәрдем станциясына Екібастұздан 50 шақырым жерден Мәшһүр Жүсіп ауылына бара жатқан жолда 2 көліктің соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. 3 медициналық бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен.
7 жасар балаға жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайғалды, жамбас сүйегі сынды деген диагноз қойылып, Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ 32, 31, екі 25 жастағы ер адам түрлі жарақат алды. Олар да Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Көлік апаты салдарынан 31 жастағы әйел мен 53 жастағы ер адам көз жұмды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

