Жаңалықтар

Павлодарда жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлаған

Павлодарда жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлаған
Фото: © Pixabay.com 08.11.2023 13:00 1529

Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың балалары 2-сынып оқушысын зорлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Stan.kz мәліметінше, Павлодарлықтар оқиғаны жергілікті депутатқа айтып, шағымданған.

Олардың айтуынша, жасөспірімдер жеті жасар оқушыға жыныстық азғындық жасап, соны видеоға түсірген.

Ата-аналар оқиғаның екі апта бұрын болғанын айтады. Жәбірленушінің анасы баласына одан әрі зиян тигізбеу үшін полицияға бармай, мұны жасырын қалдырған. 

Бұл факт білім бөлімінде 6 қарашада тіркелді. Қызметтік тексеру жүргізіледі. Білім бөлімінің, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, ювеналды полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы оқу орнына барды. Мектепте алдын алу кеңесі өтті. Мәселе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, қорытындысы бойынша шаралар қабылданады. Қазір барлық жағдай анықталуда, – деді Павлодар білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Наталья Покидова бұл оқиғамен полицейлер айналысып жатқанын хабарлады.

Факт тіркелді. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізеді, қызметтік тергеу жүргізілуде. Психологтар іске қосылған, – деді Покидова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға