Жаңалықтар

Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген үш мыңға жуық жүргізуші жазаланды

Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген үш мыңға жуық жүргізуші жазаланды
Фото: Павлодар облыстық Полиция департаменті 21.12.2024 22:40 213

Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жол бермеген үш мыңға жуық жүргізушінің жолын кесті. Барлық құқық бұзушыларға айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Павлодарда Н.Назарбаев даңғылында Volkswagen Polo маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермеді. Осындай құқық бұзушылықты Лермонтов көшесіндегі Lada Vesta маркалы автомобиль жүргізушісі де жасады. Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жүргізушілер жазаланды, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жаяу жүргіншіні жібермегені үшін айыппұл — жолдағы өлімді азайту тәсілі. Жаяу жүргіншіге жол беру-жылдамдықты немесе қозғалыс бағытын өзгертпеу үшін тоқтап, қозғалмау. Өз кезегінде, жаяу жүргіншілер де қырағы болуы керек - жол ережелерін сақтау және жаяу жүргіншілер өткеліне кенеттен жүгірмеу қажет,-деп атап өтті полициядан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға