Видеодан кадр

Павлодарда жағажайға түскен ер адам суға батып кете жаздады

07.06.2025 05:15

Павлодарда суға батып кете жаздаған ер адам құтқарылды. Оқиға солка өзенінің коммуналдық жағажайында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ер кісіні ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағажайды патрульдеу кезінде байқап қалған.

Құрамында 4 құтқарушы мен 2 жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқаған. Зардап шегуші  су астына кете бастаған. Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп реанимациялық іс-шараларды бастады,-делінген ТЖМ ақпаратында.

Құтқарушылар ер адамды жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырған.