Жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 20.07.2023 04:02 798

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, зардап шеккен жаяу жүргіншінің оң жақ бұғанасы сынған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 11:00 Павлодарда Аймауытов - Қамзин көшелер бойымен келе жатқан Toyota Corolla маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен зейнеткер бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтіп бара жатқан.

Жол апаты бойынша тексеру жүргізіледі, сараптама тағайындалды, - деп хабарлады полиция департаменті.

Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі екі минутта жетті. 72 жастағы ер адамды №1 қалалық ауруханаға жеткізді.

Ер адам көп жарақат алған. Оң жақ бұғана сүйегі сынған, кеуде қуысы жарақаттанған, - деп хабарлады аурухана қызметкерлері.

Қазір науқас тұрақты жағдайда политравма бөлімінде ем алып жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға