Жаңалықтар

Павлодарда заңсыз тартып алынған жайылым елге қайта берілді

Павлодарда заңсыз тартып алынған жайылым елге қайта берілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.04.2024 07:21 616

Ортақ игілікте пайдаланылып, кейін жеке тұлғаның иелігіне заңсыз өтіп кеткен жайылымның жалпы аумағы — 1,8 мың гектар. Жердің кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады.

Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды. Мал жаюға арналған учаскенің жалпы ауданы — 1,8 мың га, Шақат ауылдық округінде орналасқан. Бұл жерлердің кадастрлық құны — шамамен 2,4 млрд теңге, деді  облыстық прокуратура өкілдері. 

Осылайша прокурорлар 1 500 тұрғынның жерге қатысты құқығын қалпына келтірді. Жұртшылық енді бұл аумақта төрт түлігін емін-еркін жая алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға