Жаңалықтар

Павлодарда туыстарымен жанжалдасқан ер адам терезеден секірмек болған

Павлодарда туыстарымен жанжалдасқан ер адам терезеден секірмек болған
Фото: polisia.kz 29.06.2024 21:14 723

Павлодарда полиция қызметкерлері тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 29 маусым күні сағат 03:40 шамасында «102» арнасына Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 91 үйдің 8-қабатының балконында ер адамның асылып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жанат Данияр, Нұржан Қалиев, Дамир Дүйсембаев және Бауыржан Нұрғазынов жедел жетті.

Біз барған кезде ер адам 8-қабаттың балконында асылып тұрды. Біз бірден жоғарыға көтерілдік, оған тек сол азаматтың пәтері арқылы ғана кіруге мүмкіндік болды. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге пәтердің есігін ашып, балконға өтіп, әріптесім төмен түсіп, ер адамды денесінен байлап, бірге жоғары шығардық. Ер адам болған оқиғаны түсіндіріп айтып беретіндей жағдайда болмады. Бөлмеде біз онымен жақын тілдесіп, оның жақындарына керек екенін айттық. Сол сәтте біз үшін ең бастысы адамды құтқару болды. Әр секунд маңызды болды, – дейді қызмет инспекторы Нұржан Қалиев.

Белгілі болғандай, мұндай әрекетке ер адамның туыстарымен жанжалдасып қалғаннан барғаны анықталды. Кейін полицейлер оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға