Жаңалықтар

Павлодарда туған қызын екі жыл бойы зорлап келген әке іздестіріліп жатыр

Павлодарда туған қызын екі жыл бойы зорлап келген әке іздестіріліп жатыр
Фото: © Polisia.kz 27.11.2023 09:30 1130

Өз қызына бірнеше жылдан бері зорлық көрсетіп келе жатқан ер адам іздестіріліп жытыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының полиция департаменті іздестіруге учаскелік полиция қызметкерлері де, облыс оперативтері де қосылғанын хабарлады.

Оның геолокациясы  барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне жіберілді. Анасының өтініші бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Жәбірленушінің айтуынша, әкесінің зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған.

Оған дейін жәбірленуші мен оның анасы полицияға жүгінбеген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға