Павлодарда төрт адамды қар құрсауынан құтқару сәтті аяқталды
10.03.2025 08:32
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Павлодар облысында құтқарушылар төрт адамды қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
112 пультіне Жасыбай демалыс аймағынан 10 шақырым жерде жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, өз жолын жалғастыра алмағаны туралы хабарлама келіп түске.
Оқиға орнына келген құтқарушылар 4 адамы бар көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Осыдан кейін жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірген. ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

